locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Дияр Нұрғожай Катардағы UFC турнирінде америкалықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық файтер Алик Лоренсті мерзімінен бұрын жеңіп, жекпе-жекті екінші раундта аяқтады
ММА
Дияр Нұрғожай Қатардағы UFC турнирінде америкалықты нокаутқа түсірді
@nurgozhay_diyar

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Катардағы UFC турнирінде америкалық Алик Лоренсті жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек екінші раундта нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Нұрғожай октагонға кәсіби рекорды сегіз жеңіс пен екі жеңілістен тұратын америкалық спортшыға қарсы шықты. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңғы гонгқа дейін жеткен жоқ. Екінші раундта қазақстандық файтер қарсыласын нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы 13-жеңісіне қол жеткізсе, Алик Лоренс үшінші рет жеңіліс тапты. Қазақстандық файтер үшін бұл UFC-дегі қатарынан үшінші жеңіс болғаны ерекше атап өтерлік. Ұйымдағы алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіліп қалған Нұрғожай жағдайды өзгертіп, жеңісті серия бастады. Енді әлемдегі ең ірі ММА промоушеніндегі рекорды — үш жеңіс, екі жеңіліс (3-2).

Ал Алик Лоренс үшін бұл жекпе-жек UFC-дегі сәтсіз дебютке айналды. Америкалық ұйым аясындағы алғашқы кездесуінде мерзімінен бұрын жеңілді. Оның жалпы кәсіби рекорды енді сегіз жеңіс пен үш жеңілістен (8-3) тұрады. Қатарынан үшінші жеңіс Нұрғожайға UFC-дің жартылай ауыр салмақ дивизионындағы орнын нығайтып, ұйымдағы жолын алғашқы екі жеңілістен кейін де жалғастыруға мүмкіндік береді.

Дияр Нұрғожайдан бөлек, Катардағы турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі Асу Алмабаев та өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — кәсіби рекорды 36 жеңіс пен 6 жеңілістен тұратын тәжірибелі жапон файтері Кёдзи Хоригути. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған. Басталуы шамамен Қазақстан уақытымен 23:20-ға белгіленген.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie