locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Даулы бейненің соңы дауға ұласты. Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайын Қазақстанда қамауға алмақ

Қазақстан ІІМ Екатерина Биволды іздеуге жариялады
Даулы бейненің соңы дауға ұласты. Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайын Қазақстанда қамауға алмақ
ФОТО: Getty images

Белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволдың аты тағы да дауға ілікті. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, өзі іздеуге жарияланды.

«Сіздің сауалыңызда көрсетілген тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясымен іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ІІМ өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Екатерина Бивол көлік жүргізіп бара жатып, түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қазақ-қырғыз халқына қатысты қорлайтын сөздер айтқан видеосы тарап, үлкен резонанс тудырған болатын. Осы оқиғадан кейін Қырғызстанның ІІМ алдын ала тергеу бастаған еді. Енді бұл істі Қазақстан да өз бақылауына алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie