Дамир Исмағұлов пен Мария Агапова Global Fight League драфтына енді
Жақында бірнеше қазақстандық спортшы қол қойған Global Fight League (GFL) жаңа ММА-промоушені дебюттық маусымның қатысушыларына арналған драфт өткізді.
UFC-те өнер көрсеткен Дамир Исмағұлов “Дубай” командасының құрамына кірді. Бұл команданың жаттықтырушысы – Хабиб Нурмагомедовтың бапкері Хавьер Мендес. Дубайлық команданың құрамында Абубакар Нурмагомедов, Люк Рокхолд, Тайрон Вудли және басқа да танымал спортшылар бар.
UFC-ке шыққан алғашқы қазақстандық Мария Агапова “Майами” командасының ойыншысы атанды. Оның командаластарының қатарында Марлон Мораес, Энтони Петтис, Робелис Деспейн, Пейдж Ванзант және басқа да спортшылар бар.
Сонымен қатар, Global Fight League-пен келісімшартқа отырғандар арасында Магомед Кабардиев пен Гамлет Асланов та бар.
Нұраддин САДЫҚОВ: "Біз өз өңірімізде UFC серіктесі болуды жоспарлап отырмыз"