locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Дамир Исмағұлов октагонға оралады: Алан Патрикпен жекпе-жек 27 мамырда Астанада өтеді

ММА 12 мам 2025 12:33
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дамир Исмағұлов октагонға оралады: Алан Патрикпен жекпе-жек 27 мамырда Астанада өтеді
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов 27 мамыр күні елорда – Астанада өтетін Alash Pride FC 108 турнирінде октагонға қайта оралады.

Бұл туралы отандық Alash Pride промоушні Instagram парақшасында ресми түрде хабарлады.

Исмағұловтың қарсыласы – UFC турнирлерінде өнер көрсеткен тәжірибелі бразилиялық файтер Алан Патрик болмақ. Бұл жекпе-жек жанкүйерлер үшін ерекше қызықты болары сөзсіз.

Айта кетейік, Дамир Исмағұлов соңғы рет 2024 жылдың қыркүйек айында Alash Pride турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Обердан Тенорионы техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Алан Патрик кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, оның 15-ін жеңіспен аяқтаған. Соңғы рет UFC октагонында 2022 жылы бой көрсетіп, америкалық Майкл Джонсонды нокаутқа жіберген.

Бұл – әлемдік деңгейдегі екі бұрынғы UFC жауынгері арасындағы тартысты әрі әсерлі жекпе-жек болғалы тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie