locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әбу-Дабидегі UFC on ABC 9 турнирінің барлық нәтижесі: Асу жеңісі, Нгуен рекорды және Шара Буллеттің қанға боялған айқасы

UFC on ABC 9 турнирінің қорытындысы
ФОТО: Getty images

27 шілдеге қараған түнде Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен UFC on ABC 9 турнирі жанкүйерлерге жұлдызды жекпе-жектер, күтпеген оқиғалар мен жаңа рекордтарды тарту етті. Кештің басты оқиғасы UFC-дің экс-чемпионы Роберт Уиттакер мен ONE Championship-тің бұрынғы жұлдызы Ренье де Риддердің айқасы болды. Сондай-ақ бұл кеште қазақстандық Асу Алмабаев өз жекпе-жегін өткізіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Жеңіл салмақта өнер көрсеткен Асу Алмабаев перулік Хосе Очоамен болған айқаста толық үстемдік танытты. Ол жерде күресте басым түсіп, 7 рет сәтті тейкдаун жасап, 9 минуттан астам уақыт бойы қарсыласын бақылауда ұстады. Үш төреші де жеңісті Асуға берді (30–27, 30–27, 29–28). Осылайша, қазақстандық спортшы UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізіп, жалпы рекордын 22 жеңіс, 3 жеңіліске дейін жақсартты.

Турнирдің басты жекпе-жегі Ренье де Риддер мен Роберт Уиттакердің арасында өтті. Орта салмақтағы бес раундтық шайқас нағыз шыдам мен тактиканың текетіресіне айналды. Жекпе-жекте екі спортшы да кезек-кезек басымдық көрсетіп отырды. Ақыры төрешілердің бөлінген шешіммен жеңіс де Риддерге берілді. Бұл оның UFC-дегі төртінші жеңісі болса, Уиттакер екінші рет қатарынан жеңілді.

Кештің тағы бір тарихи сәті - UFC рекордының жаңаруы. Стивен Нгуен пен Мохаммад Яхья арасындағы жекпе-жекте америкалық қарсыласын 6 рет нокдаунға түсіріп, ұйым тарихындағы ең жоғарғы көрсеткішті орнатты. Кездесу Яхьяның қорқынышты гематомасына байланысты дәрігер шешімімен тоқтатылды.

Тағы бір айтулы жекпе-жекте ресейлік файтер Шара Буллет канадалық Марко-Андре Баррионы үш раундта бір ауызды шешіммен жеңіп, Майкл Пейджден алған жеңілістің орнын толтырды.

UFC on ABC 9 турнирінің нәтижелері:

Негізгі кард:
• Ренье де Риддер (20–2) – Роберт Уиттакер (26–8) – де Риддер жеңісі (SD 5)
• Петр Ян (18–5) – Маркус Макги (10–1) – Ян жеңісі (UD 3)
• Шара Магомедов (15–1) – Марко-Андре Баррио (17–9) – Шара жеңісі (UD 3)
• Асу Алмабаев (21–3) – Хосе Очоа (8–1) – Асу жеңісі (UD 3)
• Богдан Гуськов (17–3) – Никита Крылов (30–10) – Гуськов жеңісі (TKO 1)

Алдын ала кард:
• Брайс Митчелл – Саид Нурмагомедов – Митчелл жеңісі (UD 3)
• Муслим Салихов – Карлос Миранда – Салихов жеңісі (KO 1)
• Дейви Грант – Деймон Блэкшир – Грант жеңісі (UD 3)
• Табата Риччи – Аманда Рибас – Риччи жеңісі (TKO 2)
• Билли Элекана – Ибо Аслан – Элекана жеңісі (UD 3)
• Стивен Нгуен – Мохаммад Яхья – Нгуен жеңісі (TKO 2)
• Мартин Будай – Маркус Алмейда – Будай жеңісі (UD 3)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie