locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

\"Бұл жекпе-жек құстырарлық болды\". Чимаев UFC 312 басты жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

ММА
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
"Бұл жекпе-жек құстырарлық болды". Чимаев UFC 312 басты жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Фото: gettyimages

UFC жауынгері Хамзат Чимаев Аустралиядағы турнирдің басты жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

UFC 312 турнирінде белбеу иегері Дю Плесси мен Шон Стрикленд арасындағы орта салмақтағы титулдық жекпе-жек өтті. Қазіргі чемпион төрешілердің бірауыздан шешімімен сенімді жеңіске жетті, бірақ кейбір көрермендер жекпе-жектің нашар болғанына байланысты ысқырып, айхайлаған болатын.

"Бұл жекпе-жек құстырарлық болды",- деп жазды Чимаев және үш есінеу эмодзилерін қосты.

Айта кетейік, Чимаев Роберт Уиттакерді мерзімінен бұрын жеңгені үшін дивизион чемпионына қарсы келесі жекпе-жекке үміткер болып саналады.

Дрикус дю Плесси Шон Стриклендті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie