Бірінші раундтағы нокауттар мен басты жекпе-жектегі тұншықтыру: UFC on ESPN 72 несімен есте қалды
9 тамыздан 10 тамызға қараған түні Лас-Вегас тағы да әлемдік ММА орталығына айналды. «Apex Arena» төрінде өткен UFC on ESPN 72 турнирі жанкүйерлерге бірінен бірі өткен тартысты айқастар мен әсерлі фиништер сыйлады.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта грузин Роман Долидзе мен америкалық Энтони Эрнандес күш сынасты. Айқас нағыз драмалық сценариймен өрбіді: Долидзе кездесуді сенімді бастап, алғашқы раундтарда басымдыққа ие болды. Алайда төртінші раундта Эрнандес толықтай тізгінді өз қолына алып, 2:45 минутта қарсыласын арт жағынан қылқындыру әдісіне түсіріп, берілуден басқа амал қалдырмады.
Кештің тағы бір жарқын сәті – аустралиялық Стив Эрцегтің Оде Осборнды суыққанды және әдісқой тактикасымен жеңуі болды. Ол қарсыласынан айласын асырып, қазылар бірауыздан жеңісті соған берді.
Турнирде жылдам нокауттар да тіркелді: сербиялық Урош Медич Гилберт Урбинаны небәрі 63 секундта сұлатып түсірсе, Джоселин Эдвардс алғашқы раундтың 2 минут 24 секундында Присцила Кашоэйраны тоқтатты.
UFC on ESPN 72 қорытындысы
Негізгі кард:
• Энтони Эрнандес – Роман Долидзе — сабмишн (арттан қылқындыру), 4R (2:45)
• Стив Эрцег – Оде Осборн — бірауызды шешім (29-28, 29-28, 29-28)
• Андре Фили – Кристиан Родригес — бөлек шешім (29-28, 28-29, 30-27)
• Жан Мацумото – Майлс Джонс — бөлек шешім (29-28, 28-29, 29-28)
• Кристиан Лерой Данкан – Эрик Андерс — TKO, 1R (3:53)
Алдын ала кард:
• Джулиус Уокер – Раффаэль Серкейра — бірауызды шешім (30-27, 30-27, 30-26)
• Элайджа Смит – Тосиоми Кадзама — KO, 1R (4:10)
• Урош Медич – Гилберт Урбина — KO, 1R (1:03)
• Эрик Макконико – Коди Брандейдж — бөлек шешім (29-28, 27-30, 29-28)