locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Басты жекпе-жек болмайды: Физиев UFC Fight Night 261 турнирінде Оливейраға қарсы шықпайды

Қазақстанда өскен әзербайжандық спортшының жарақаты Риодағы турнирдің афишасын өзгертті
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Басты жекпе-жек болмайды: Физиев UFC Fight Night 261 турнирінде Оливейраға қарсы шықпайды
ФОТО: rafael_ataman_fiziev инстаграм парақшасынан

11 қазан күні Рио-де-Жанейрода өтетін UFC Fight Night 261 турнирінің басты жекпе-жегі күтпеген жерден өтпейтін болды.

Қазақстанда тәрбиеленген әзербайжандық аралас жекпе-жек шебері Рафаэль Физиев жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Чарльз Оливейраға қарсы октагонға шыға алмайды.

MMA Fighting басылымының хабарлауынша, Физиев дайындық барысында жарақат алып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

UFC жеңіл салмақ дәрежесінің ресми рейтингінде Оливейра 4-орында, ал Физиев 10-шы сатыда тұр. 32 жастағы спортшы үшін бұл – мансаптық жоспарларына ауыр соққы. Ол кәсіби деңгейде алғаш рет 2015 жылдың шілдесінде дебют жасап, осы уақытқа дейін 13 жеңіс және 4 жеңіліс тіркеген.

35 жастағы бразилиялық Чарльз Оливейра 2008 жылдан бері кәсіби деңгейде өнер көрсетіп келеді және ұйымның аңыз спортшыларының бірі саналады. Оның қоржынында 35 жеңіс, 11 жеңіліс және бір жарамсыз деп танылған кездесу бар.

Енді UFC ұйымдастырушылары бразилиялық турнирдің басты оқиғасын сақтап қалу үшін шұғыл түрде жаңа қарсылас іздеуі қажет.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie