locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бапкер: Шавкат Рахмонов бабына еніп жатыр, бірақ толық дайындыққа әлі ерте

Жауынгер жарақаттан кейін жаттығу залына асықпай оралуда
ММА
Томирис Бекмурзина
Томирис Бекмурзина
Редактор
Бапкер: Шавкат Рахмонов бабына еніп жатыр, бірақ толық дайындыққа әлі ерте
ФОТО: QazSport

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов біртіндеп қалпына келіп жатыр, алайда толық дайындыққа оралуға әлі ерте. Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Шавкаттың жағдайы тұрақты. Біз жаттығу процесін жеделдетіп жатқан жоқпыз. Ол біртіндеп бұрынғы формасына келіп жатыр», — деді маман.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде басты мақсат — денсаулықты толық қалпына келтіру және жаттығу процесіне біртіндеп ену.

Базров жаттығулардың әлі толық күшіне енбегенін де атап өтті:

«Қазір біз жүз пайыздық режимде жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Шамамен бір айдан кейін барып ауыр физикалық жүктемелерге көше аламыз».

Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иэн Гэрриді жеңген болатын. Кейін титулдық жекпе-жекке шығуы тиіс еді, алайда жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie