Азат Мақсұм UFC-ден кеткеннен кейін үнсіздігін бұзды — «Менің рухымды ешкім сындыра алмайды»
Қазақстандық ММА файтері Азат Мақсұм UFC тізімінен шығарылғаннан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне үн қатты.
Спортшы әлеуметтік желілерде әсерлі жазба жариялап, үнсіздігін бұзды.
Instagram парақшасында Мақсұм жаттығу кезіндегі фотоларын салып, файтер жолында тоқтамайтынын аңғартты.
«Теріімді сыпырса да, менің рухымды ешкім сындыра алмайды», — деп жазды Азат, торға бұрынғыдан да мықты күйде оралатынын ерекше атап өтті.
Еске салайық, соңғы жекпе-жегін Мақсұм UFC 321 турнирінде Абу-Дабиде америкалық файтер Митч Рапосомен өткізіп, оған төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберді. Бұл айқас ұйыммен жасалған келісімшарттағы соңғы кездесу болған, сол себепті UFC басшылығы қазақстандықпен келісімді ұзартпауға шешім қабылдады.
Промоушендегі өнер көрсету барысында Мақсұм төрт жекпе-жек өткізіп, бір жеңіс пен үш жеңіліс тіркеді.