Қазақстандық жауынгер Николай Веретенников UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы жауынгер Николай Веретенников (12-5) 23 ақпанда таңертең Сиэтлдегі UFC Fight Night 252 турнирінде өнер көрсетті
Турнир басталғанға дейін небәрі 4 күн қалғанда (79,4 кг) жекпе-жекті қабылдаған қазақстандықтың қарсыласы Bellator чемпиондығына бұрынғы үміткер, UFC-ның жақында танымал болған өкілі Пейдж Ванзанттың күйеуі, бүгін дебют жасаған американдық Остин Вандерфорд (12-2) болды.
- Генри Сехудо - Сун Ядун жекпе-жегін мына сілтеме арқылы онлайн көре аласыздар
Бірінші раунд американдықт еншісінде болды, оны партерде үлкен артықшылықпен өткізді. Екінші раундта тордағы жағдай өзгерген жоқ, бұл раундта американдық жауынгер техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жеңіліс Веретенников үшін UFC-дегі екінші жеңіліс болды.
35 жастағы Веретенников (12-5) өткен жылы тамызда UFC-де дебют жасап, американдық Дэнни Барлоудан (9-0) төрешілер шешіммен жеңілді