Қазақстандық спортшы ММА кешінің қосалқы басты жекпе-жегінде өзбекстандық қарсыласын жеңді
Рахимжанов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Камоловтан басым түсті
ФОТО: instagram.com/damirchik.mma
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Рахимжанов Ташкентте өткен OCTAGON 83 турнирінде сәтті өнер көрсетті.
Жеңіл салмақтағы айқаста отандасымызға қарсы 23 жастағы өзбекстандық Одилхон Камолов шықты. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жек толық қашықтыққа созылды.
Рахимжанов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық спортшының қатарынан үшінші жеңісі, ал оның қарсыласы мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Бұған дейін Ташкенттегі турнирде жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Тазабек Баянов Өзбекстан өкілі Азизхон Азимовпен айқасқан болатын.