Қазақстандық Резников ресейлік Раисовпен жұдырықтасты: жекпе-жектің тағдыры техникалық нокаутпен шешілді
ФОТО: YouTube
Қазақстанның намысын қорғайтын 33 жастағы Артем Резников (25-8) аралас жекпе-жектен Ресейдің Краснодар қаласында өткен ACA 183 турниріне қатысты.
Резников 29 жастағы ресейлік боксшы Юсуф Раисовпен (21-3) реванш өткізді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын.
Айта кету керек, "АСА лигасындағы ең танымал файтер" еншісінде титул тұрған еді. Нәтижесінде жекпе-жек бірінші раундта Раисовтың техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, Юсуф Раисов кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізсе, Артем Резников тоғызыншы рет жеңіліп қалды.
Айтпақшы, бұл жауынгерлер бір-бірімен алғаш рет 2020 жылы кездесті. Ол кезде Резников төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.