Қазақстандық MMA әлем чемпиондары допинг дауына ілікті
ФОТО: Getty Images
Халықаралық аралас жекпе-жек қауымдастығы (ITA) екі қазақстандық әлем чемпионының тыйым салынған затты қолданғанын анықтады, деп хабарлайды Sportnews.kz.
Спортшылардың допинг сынамаларынан рұқсат етілмеген препарат – мельдоний табылды.
Допинг қолданды деген күдікке ілінген спортшылардың бірі – бұрын полиция қызметкері болған Айдын Төлепбай. Ол 79 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған. Екінші спортшы – 72,6 кг салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Оразхан. Ол да Төлепбай сияқты Индонезияның Джакарта қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен.
Қазіргі уақытта екі спортшының да дисквалификация мерзімі белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз: Сафар Ахмадов Шавкат Рахмоноватың UFC-дегі болашағы туралы айтты