Қазақстан тумасы Физиев UFC 313 реваншы төрешілер шешімімен аяқталды
ФОТО: gettyimages.com
Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 313 турнирінде қазақстандық тегі бар, бірақ Әзірбайжан атынан өнер көрсететін Рафаэль Физиев (12-3) пен америкалық Джастин Гэтжи (25-5) арасындағы ко-мейн ивент өтті.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Екінші раундтың басында Гэтжи Физиевті нокдаунға жібергенімен, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтай алмады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті америкалық файтерге берді. Бұл Гэтжи үшін 26-жеңіс болса, Физиевтің ММА-дегі төртінші жеңілісі болды.
Айта кетейік, бұл екі спортшының октагондағы екінші кездесуі. 2023 жылы наурыз айында өткен UFC 286 турнирінде Гэтжи төрешілер шешімімен Физиевті жеңген еді.
