locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан жекпе жекке дейін қанша бонус алғаны белгілі болды

Қвзақстандық спортшылар жекпе жекке шықпастан бұрын қаржылық бонус алды
Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан жекпе жекке дейін қанша бонус алғаны белгілі болды
ФОТО: Instagram

Қазақстандық жекпе-жек шеберлері Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан UFC Fight Night 265 турниріне дейінгі промо-акциялар үшін алдын ала төлем алды. Турнир 22 қарашада Доха (Катар) қаласында өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Телепродюсер Джед Гудманның мәліметінше, Алмабаев үшінші категориядағы төлемдерге кіріп, Тагир Уланбеков пен Кодзи Хоригутимен қатар медиа іс-шараларға қатысқаны үшін алты мың доллар сыйақы алды. Ал Бекзат Алмахан бірінші категорияға енді және оған төрт мың доллар төленді. Ең жоғары категориялар — бесінші мен алтыншы — тиісінше 16 және 21 мың доллар көлемінде төлемдерді қамтиды.

Ал турнирде Асу Алмабаев ең жеңіл салмақ дәрежесінде американдық Алекс Переспен кездеседі, ал Бекзат Алмахан ең жеңіл дивизионда, грузин тамырлы испандық Александр Топуриямен жұдырықтасады.

20 қарашада Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie