Асу Алмабаев бесінші жекпе-жегінің алдында Таиландқа жиынға аттанды
ММА
Азат Максутбек
ФОТО: Getty images
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC-де австралиялық Стив Эрцегпен жекпе-жекке дайындықты бастады. Бұған дейін Алмабаевтың 1 наурызда UFC Vegas 103 турнирінде күресетіні хабарланған болатын.
"Біздің командамыздың жауынгері Алмабаев командамыздың бас бапкері Эдуард Базровпен және командамыздың жауынгері Ермахан Орынтаевпен бірге Таиландқа алдағы жекпе - жекке жиынға аттанды",-деп жазды DAR Pro TEAM баспасөз қызметі.
Алмабаевтың соңғы жекпе-жегі UFC Fight Night турнирі аясында Матеус Николауға қарсы өтті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, нәтижесінде төрешілер шешімімен Асу Алмабаевтың жеңісі болды.