«Қарсылас өте мықтыз». Асу Алмабаевтың жаттықтырушысы Темировпен жекпе-жек туралы
UFC сапында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Асу Алмабаев (18–3) келесі жекпе-жегін 26 шілде күні Әбу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы - өзбекстандық Рамазан Темиров (11-2). Темиров UFC-дегі дебютінен кейін қатарынан екі сенімді жеңіске жетті.
Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров бұл ақпаратты растап, жекпе-жек оңай болмайтынын айтты.
«Қарсылас өте мықты. UFC-дегі алғашқы қадамдары сенімді шықты, әсіресе Азат Максумды жеңгенін және Джошуа Джонсонды айқын ұтқанын ерекше атап өту керек. Бізге жекпе-жектің күні мен қарсыластың есімі ерте белгілі болды. Сондықтан дайындық лагерін жүйелі түрде бастаймыз. Уақыт жеткілікті, рингке бабында шығамыз», - деді Базров Спорт Шредингера берген сұқбатында.
Бұл жекпе-жек Алмабаев үшін 3 наурызда UFC Fight Night 253 турнирінде Манел Капеден жеңілгеннен кейін жеңісті жолға қайта оралу мүмкіндігі болмақ.