Адесанья құлады! Нассурдин Имавов UFC Fight Night 250 басты жекпе-жегінде нигериялық жауынгерге мүмкіндік қалдырмады
ММА
Азат Максутбек
ФОТО: Getty images
Бүгін, 1 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) UFC Fight Night 250 турнирі өтті. Бүгінгі кештің басты жекпе-жегі аяқталды.
Кештің басты жекпе-жегінде нигериялық Исраиль Адесанья (24-4-0) және ресейлік француз Нассурдин Имавов (15-4-0) шайқасты.
- Жекпе-жектің барлық маңызды сәттері Telegram-да live режимінде қол жетімді Sports24.kz!
Жекпе-жек бес раундқа есептелген еді, бірақ екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Нассурдин Имавов екі соққы арқылы Адесаньяны нокаутқа жіберді, содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, жеңімпаз Насурдин Имавов болды!
Шара Буллет UFC Fight Night 250 турнирінде британдық Майкл Пейджке сенсациялық түрде жеңіліп қалды
