2025 жылғы соңғы UFC турнирі. Двалишвили – Ян реваншын қайдан көруге болады?
Двалишвили мен Ян октагонға қайта оралады
ФОТО: Getty images
Жыл соңына қарай Лас-Вегаста нағыз тартыс күшеймек. 7 желтоқсанда өтетін UFC 323 турнирінде жекпе-жек әлемінің назарын өзіне еріксіз аударатын реванш өтеді: грузин Мераб Двалишвили мен бұрынғы чемпион Петр Ян тағы да октагонда жолығады. Бұл - бірнеше жыл бойы дивизиондағы ең даулы, ең жоғары деңгейлі жұптардың бірі.
- Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Екі спортшы алғаш рет 2023 жылдың наурызында күш сынасқан еді. Ол кезде Двалишвили өзінің адам сенгісіз қарқынымен Янды титықтатып, айқын басымдықпен , яғни төрешінің бір ауыздан берген шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Двалишвили – Ян жекпе-жегінің тікелей эфирі Астана уақытымен шамамен 10:00-де басталады. Ресми көрсетілім UFC сайтында қолжетімді.