Жұлдызды қақпашы «Барыстан» кетуі мүмкін
26 жастағы америкалық хоккейші КХЛ Жұлдыздар матчына клубтан жалғыз таңдалды
Хоккей
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: ХК «Барыс»
Америкалық қақпашы Адам Шилдің «Барыстағы» болашағы белгісіз күйде қалып отыр.
Х-Хоккей паблигінің мәліметінше, қақпашы КХЛ Жұлдыздар матчы өтетін 7-8 ақпанға дейін Астанадан кетуі әбден мүмкін.
26 жастағы Шил клубтың Жұлдыздар матчына қатысатын жалғыз өкілі саналады.
Америкалық қақпашы «Барыс» сапында қыркүйектен бері өнер көрсетіп келеді. Михаил Кравецтің командасы үшін Шил 17 матчқа қатысты.
7 желтоқсанда өткен ойында «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасына буллиттер сериясында – 1:2 есебімен есе жіберді. Келесі кездесу астаналықтар үшін 16 желтоқсанда Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы өтеді.