locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жастар арасындағы ӘЧ-2025. Қазақстан U-20 Чехиядан ойсырай жеңілді

Хоккей
Богдан Писаренко
Богдан Писаренко
Жастар арасындағы ӘЧ-2025. Қазақстан U-20 Чехиядан ойсырай жеңілді
IIHF

28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні Канада да өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның U-20 құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын өткізді.

Сергей Старыгиннің шәкірттері Чехияның U-20 құрамасымен кездесіп, 2:14 есебімен ойсырай жеңілді.

Бірінші кезең чехтардың пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Екінші жиырма минуттықта Қазақстан құрамасының қақпасына қарсылас команда 8 шайба соғып, толықтай басымдық көрсетті, ал қазақстандықтар бұған жауап қайтара алмады. Қазақстандықтардың абыройын үшінші кезеңдегі ойын сәл болса да сақтап қалды — бұл кезеңде олар тек бір шайба айырмашылығымен жеңілді.

Қазақстан U-20 құрамасындағы “абырой шайбаларын” Кирилл Ляпунов пен Александр Ким соқты.

Айта кетсек, Қазақстан U-20 құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Швецияның U-20 құрамасынан 1:8 есебімен жеңілген болатын.

30 желтоқсан түні Қазақстан U-20 құрамасы Словакияның U-20 құрамасымен кездеседі.

Жастар арасындағы ӘЧ-2025. B тобы

  • Қазақстан U-20 – Чехия U-20 – 2:14 (1:4, 0:8, 1:2)
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie