ВИДЕО: «Барыс» «Шанхай айдаһарларын» ерік-жігер танытып жеңді
30 қазанда «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізді. Астана командасына қарсы қытайлық «Шанхай айдаһарлары» ойнады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Санкт-Петербургтегі СКА-Аренада өткен кездесу драмалық сипат алды. Астаналық команда екінші кезеңнің басында екі шайба айырмашылығымен жеңіліп жатқан еді, алайда жауап ретінде төрт шайба соқты. Тайс Томпсон хет-трик жасады, тағы бір шайба Асанали Саркеновтың еншісінде.
Бұл нәтиже астаналық командаға 25 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. 4 қарашада Қазақстан командасы Челябіде жергілікті «Трактормен» кездеседі.
Айта кетейік, Михаил Кравец ҚХЛ-дағы «Барыстың» сырт алаңдағы камбэкінің шешуші сәтін атады.
Сіздердің назарларыңызға ҚХЛ аясындағы «Шанхай айдаһарлары» – «Барыс» матчының (4:2) шолуын ұсынамыз