locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Вашингтон Кэпиталз» екі жаңа ойыншымен күшейді: NCAA-ның үздік сұрмергені мен болашағынан үміт күттіретін қорғаушы

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Вашингтон Кэпиталз» екі жаңа ойыншымен күшейді: NCAA-ның үздік сұрмергені мен болашағынан үміт күттіретін қорғаушы
ФОТО: Getty Images

ҰХЛ-дің «Вашингтон Кэпиталз» клубы екі жас ойыншымен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады.

Команданың құрамын америкалық шабуылшы Райан Леонард пен канадалық қорғаушы Дэвид Гуччиарди толықтырды.

Леонард үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол қазіргі NCAA маусымында ең нәтижелі сұрмерген атанып, 37 матчта 49 ұпай (30+19) жинады. Шабуылшыны «Кэпиталз» 2023 жылғы НХЛ драфтында таңдаған, ал 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ең құнды ойыншысы (MVP) атанды.

Гуччиарди екі жылдық келісімшартқа отырды. «Мичиган Стэйт Спартанс» командасында ойнаған қорғаушыны «Вашингтон» 2022 жылғы драфттың 213-ші таңдауымен қатарға қосқан. Жақын арада ол «Кэпиталз» фарм-клубы – «Херши Беарс» сапына қосылады деп күтілуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie