Төртінші рет қатарынан жеңіліс. «Барыс» тағы да ұтылды
Астаналық «Барыс» өз алаңында КХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында төменкамалық «Нефтехимиктен» 2:5 есебімен жеңілді.
Кездесудің басы алаң иелері үшін ауыр жеңілісті білдірген жоқ. Ұзақ уақыт есеп ашылмады – 0:0. Бірақ 23-ші және 25-ші минуттарда қонақтар екі минуттың ішінде екі шайба соқты. Бір минуттан соң Панюков есеп айырмасын қысқартты, алайда келесі минутта Белозеров дубль жасап, екі шайбалық басымдықты қайта қалпына келтірді.
Алаң иелері есепті теңестіруге тырысты. Қайыржан есепті 2:3-ке жеткізді. Алайда «Барыстың» голдары осымен тоқтады. Одан әрі тек қонақтар ғана гол соға білді. Белозеров хет-трик авторы атанды. Ойын 2:5 есебімен аяқталды.
Осылайша, астаналық клуб қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады.
КХЛ тұрақты чемпионаты.
«Барыс» (Астана) – «Нефтехимик» (Төменкама) – 2:5 (0:0, 2:3, 0:2)
Шайбалар:
0:1 – Хоружев (Точилкин) – 23:35
0:2 – Белозёров (Юртайкин, Федотов) – 25:26 БҰР
1:2 – Панюков (Асетов, Шайхмедденов) – 26:12
1:3 – Белозёров (Юртайкин) – 27:13
2:3 – Қайыржан (Савицкий) – 33:01
2:4 – Николишин (Хоружев, Шафигуллин) – 47:52 БҰР
2:5 – Белозёров (Федотов, Юртайкин) – 51:57 БҰР