locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Трактор» – «Барыс» – 3:2. Соңғы минуттардағы өкінішті жеңіліс пен овертаймдағы драма. Голдар және матчқа бейнешолу

«Барыс» тағы да жеңісті қолдан берді
Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Барыс ХК

9 қазан күні астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты маусымы аясында Челябинск қаласында жергілікті «Трактормен» сырт алаңда кездесті. Кездесу тартысты өтті және қосымша уақытта қазақстандық клубтың жеңілісімен аяқталды - 2:3.

Михаил Кравец шәкірттері ойынды белсенді бастап, есепті жылдам ашты - ойынның екінші минутында Мұхаметов Қайыржан мен Шайхмедденовтің пасынан кейін көзге түсті. Алайда екінші кезеңде алаң иелері бастаманы өз қолына алды: Светлаков есепті теңестірді, бірақ көп ұзамай Симонов сан басымдығын тиімді пайдаланып, «Барысты» қайта алға шығарды. Дегенмен үзіліске дейін Кадейкин таразы басын қайта теңестірді - 2:2.

Үшінші кезеңде қос команда да сақ ойнап, қателікке жол бермеуге тырысты. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталды, ал овертаймда «Трактор» қарсыластың бір сәттік қателігін пайдаланып, шешуші шайбаны соқты.

Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie