Тарихи сәт: Офечкин қашан Гретцкидің рекордын бұзады?
ҰХЛ баспасөз қызметі "Лос-Анджелес Кингз" – "Вашингтон Кэпиталз" (3:0) матчінен кейін тұрақты чемпионаттағы ең көп шайба соғу рекордының жаңаруына қатысты жаңа болжам жасады. "Вашингтон" шабуылшысы Александр Овечкин бұл кездесуде гол соға алмады, бірақ Уэйн Гретцкидің жетістігін қуып жетуге жақын.
Қазіргі маусымдағы Овечкиннің нәтижелілігін ескерсек (орташа есеппен 0,66 голдан), сарапшылар оның 14 сәуірде "Коламбус Блю Джекетс" командасына қарсы ойында рекорд жаңартуы мүмкін екенін болжайды. Дегенмен мансабындағы жалпы көрсеткіші (ойын сайын 0,60 гол) ескерілсе, тарихи сәт 16 сәуірде "Нью-Йорк Айлендерс" матчінде орын алуы мүмкін.
Қазіргі таңда "Вашингтон" капитанына ҰХЛ тарихындағы ең үздік сұрмерген атану үшін небәрі сегіз шайба қажет. Бұл маусым соңындағы басты оқиғалардың бірі болып отыр, ал "Кэпиталздың" әрбір кездесуі жанкүйерлер мен сарапшылардың назарында.
Егер Овечкин осы қарқынын сақтай алса, ол жақын апталарда-ақ жаңа тарих жаза алады. Ал егер жылдамдығы төмендесе, рекорд келесі маусымға қалуы мүмкін, бұл оның әрбір ойынын одан сайын қызықтыра түседі.
Алдын, Овечкин ҰХЛ тарихындағы ең нәтижелі 39-жастағы еуропалықтардың үштігіне кірді