Сөздің құны ауыр болды: Козлов төрешілерді сынағаны үшін 300 мың рубль айыппұл төледі
«Салават Юлаев» хоккей клубының бас бапкері Виктор Козлов «Спартакқа» қарсы 2025 жылғы Гагарин Кубогының төртінші матчынан кейінгі пікірінен соң 300 мың рубль көлемінде айыппұл салынды, деп «Чемпионат» басылымы хабарлады.
Оқиға 17 сәуір күні орын алған. Уфа командасы бұл ойында 2:6 есебімен жеңіліп, Қозлов ойыннан кейінгі сұхбатында төрешілер жұмысына қатысты ашық наразылық білдірді:
- «Мұндай шиеленісті ойындарда, командалар жанын салып күресіп жатқанда, төрешілер мінсіз жұмыс істеуі тиіс. Ал бүгін алаңда нақты тәртіпсіздік орын алды», - деді ол.
Эмоцияға толы мәлімдемеге қарамастан, «Салават Юлаев» плей-оффтың 1/4 финалындағы тартысты серияда «Спартакты» 4:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Қазіргі уақытта уфалық клуб Гагарин Кубогының финалына жолдама алу үшін жартылай финалда ярославльдік «Локомотивпен» кездесуде. Екі ойыннан кейінгі серия есепі – 1:1.