Овечкин НХЛ тарихындағы рекордты жаңартты
Хоккей
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
НХЛ-дың тұрақты чемпионатында "Вашингтон Кэпиталз" пен "Миннесота Уайлд" командалары арасындағы матч негізгі уақыттан кейін буллиттермен 3:4 есебімен "Миннесотаның" жеңісімен аяқталды.
Ойын барысында "Вашингтонның" екінші голын ресейлік шабуылшы Александр Овечкин соқты, ол екінші кезеңде артықшылықты пайдаланып гол салды.
Бұл гол Овечкиннің НХЛ-дағы мансабында 41-ші болып есептеледі, ол "Миннесотаның" қақпашысы Марк-Андре Флёриге қарсы соққан. Осылайша, Овечкин бір ғана қақпашыға қарсы ең көп гол соққан ойыншы ретінде НХЛ тарихында жаңа рекорд орнатты. Бұрын бұл рекорд Бретт Халға тиесілі еді, ол 40 голды Тим Шевелдэге қарсы соққан.
Қазіргі маусымда Овечкин 22 матч өткізіп, 28 (18+10) ұпай жинады.