Овечкин мұз айдынына қайта оралады: «Вашингтон» капитаны қайырымдылық «Жыл матчы» ойынына қатысады
Хоккей
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
НХЛ-дың «Вашингтон Кэпиталз» клубының капитаны Александр Овечкин қайырымдылық мақсатында өтетін хоккейден «Жыл матчы» ойынына қатысатынын ұйымдастырушылар растады.
Жұлдызды кездесу 2025 жылдың 13 шілдесінде өтеді. Матчқа Ресейдің КХЛ және НХЛ лигаларында ойнайтын ең үздік хоккейшілер қатысады.
Айта кетейік, мұндай форматтағы матч алғаш рет 2024 жылы ұйымдастырылған болатын. Ол кезде ойын Мәскеудегі «ЦСКА Аренада» өтіп, тартысты бәсеке нәтижесінде 8:8 есебімен тең аяқталған.
Александр Овечкин бұл жолы мұз айдынына тарихи жетістігімен оралады. Жаңа маусымда ол НХЛ-дың барлық уақыттағы үздік сұрмергені атанды. Бұған дейінгі рекорд канадалық аңыз ойыншы Уэйн Гретцкиге тиесілі болатын - 894 шайба. Ал Овечкин енді 897 голмен көш бастап тұр.