Овечкин аңыз ойыншыны озып, ҰХЛ тарихындағы топ 10 үздік сұрмергендер қатарына кірді
Александр Овечкин ҰХЛ тарихындағы рекордтарды жаңартуды жалғастыруда. 21 қараша күні таңертең «Монреаль Канадиенс» командасына қарсы өткен матчта «Вашингтон Кэпиталз» капитаны кезекті мәрте жарқырады: хет-трик жасап, бір нәтижелі пас беріп, өз командасының 8:4 есебімен жеңіске жетуіне басты үлес қосты.
Осы ойындағы жоғары нәтижеліліктің арқасында Овечкин канадалық хоккей аңызы Джо Сакикты артқа тастап, НХЛ тарихындағы ең көп ұпай жинаған ойыншылар тізімінде таза 10-орынға көтерілді. Қазіргі таңда оның қоржынында 1643 ұпай (907 гол, 736 пас).
Ал мансабын аяқтаған Сакик 1641 ұпаймен (625 гол, 1016 пас) бір саты төменге сырғыды.
Овечкиннің алдында енді тек тоғыз ойыншы ғана тұр. Келесі мақсат — әлі де ойнап жүрген «Питтсбург Пингвинз» капитаны Сидни Кросби. Оның есебінде 1708 ұпай (637 гол, 1071 пас). Ал сегізінші орын Марио Лемьеге тиесілі — 1723 ұпай (690+1033).
Тізімнің басында ондаған жылдар бойы ешкім жете алмаған рекорд иесі Уэйн Гретцки тұр. Канадалық хоккейші ҰХЛ тарихында теңдессіз 2857 ұпай (894 гол, 1963 пас) жинап, абсолютті көшбасшы мәртебесін сақтап келеді.
18 қараша күні форвард бірегей рекорд орнатқан болатын.