Никита Камалов – «Северстальдің» жаңа қорғаушысы: бір жылдық келісім жасады
Қорғаушы Никита Камалов енді Череповец қаласының «Северсталь» клубында өнер көрсетеді.
Metaratings.ru порталының мәліметінше, хоккейші командамен бір жылдық келісімшартқа қол қойған.
29 жастағы Камалов өткен маусымды астаналық «Барыс» сапында бастап, кейін маусымды Магнитогорскінің «Металлург» клубында аяқтады. Ол - Новокузнецк хоккей мектебінің түлегі. Континенттік хоккей лигасында (КХЛ) Камалов бұған дейін СКА, «Амур», «Сочи» және туған клубы - новокузнецтік «Металлург» сапында ойнаған.
2024/25 маусымында қорғаушы жалпы 63 матч өткізіп, 11 (2+9) ұпай жинады. Оның пайдалық көрсеткіші +3 болған.
Өткен маусымда «Северсталь» КХЛ-дың Шығыс конференциясында алтыншы орын алып, плей-оффтың бірінші кезеңінде «Спартак» (Мәскеу) командасынан 1-4 есебімен серияда жеңіліп қалды.