Никита Бояркин Қазақстанның ең танымал хоккейшілерін атады
“Барыс” клубының қақпашысы Никита Бояркин Қазақстандағы ең танымал хоккейші туралы өз ойын білдірді.
“Егер бұрынғы буын ойыншыларын алсақ, сөзсіз, Николай Антропов ең танымал хоккейші. Ал қазіргі ойыншылар арасынан Никита Михайлистің танымалдығы жоғары”, — деді Бояркин “СЭ” басылымына берген сұқбатында.
9 ақпанда Бояркин Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 2025 жылғы Жұлдыздар матчына қатысып, Чернышев дивизионы құрамында жеңіске жетті. Ол ойынның екінші 10 минуттық бөлігінде қақпаны қорғап, 16 соққының 11-ін қайтара алды.
26 жастағы қақпашы 2021 жылдан бері “Барыс” клубының намысын қорғап келеді және осы уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Биылғы ҚХЛ маусымында бірнеше мәрте сенімді ойын көрсетіп, Жұлдыздар матчының қатысушысы атанды.
ВИДЕО. Никита Бояркин Жұлдыздар матчы үшін ерекше дулығаға ие болды