locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

НХЛ маусымының ең үздік ойыншысы белгілі болды – Кучеров Тед Линдсей жүлдесін алды

«Тампа-Бэй Лайтнинг» шабуылшысы маусымда ең жарқын өнер көрсеткен хоккейші деп танылды
Хоккей
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
НХЛ маусымының ең үздік ойыншысы белгілі болды – Кучеров Тед Линдсей жүлдесін алды
ФОТО: Getty Images

«Тампа-Бэй Лайтнинг» клубының ресейлік форварды Никита Кучеров Тед Линдсей атындағы жүлденің иегері атанды. Бұл марапат маусым қорытындысы бойынша ҰХЛ ойыншылар кәсіподағының дауыс беруімен анықталып, лигадағы ең үздік ойыншыға табысталады.

Кучеров бұл атаққа екінші рет қол жеткізіп отыр. Алғаш рет ол Тед Линдсей трофейін 2019 жылы иеленген болатын. 2023/24 жылғы тұрақты маусымда ол 78 ойын өткізіп, 121 (37+84) ұпай жинады. Бұл көрсеткіш бойынша ол бүкіл лигада үздік нәтижеге қол жеткізіп, маусымның ең нәтижелі ойыншысы атанды.

«Барыстың» бұрынғы қорғаушысы мансабын Беларусьте жалғастырады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie