Мансаптағы жаңа белес: Кутугин «Бейбарыс» клубында бапкер болады
Атыраулық клубта қорғаушы ретінде ойнаған Егор Кутугин енді бапкерлік құрамда жұмысын жалғастырады
Хоккей
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Бейбарыс ХК
Егор Кутугин атыраулық «Бейбарыс» хоккей клубының жүйесінде қалатын болды, деп Shaiba.kz хабарлады.
Ол бапкерлік мансабын жалғастырып, команда жаттықтырушылар штабының құрамына қайта қосылады. Клуб пен маман өзара келісімге келіп, келісімшартты ұзартты.
Еске сала кетейік, Кутугин 2023/2024 жылғы маусымның ортасында кәсіби ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, сол бойда команданың жаттықтырушылар құрамына кірген болатын.
Түмен хоккей мектебінің түлегі кәсіби деңгейде 1023 матч өткізген. Қазақстан чемпионатында ол 296 ойынға қатысып, 119 (15 гол, 104 нәтижелі пас) ұпай жинаған.