locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Локомотив» тарихында алғаш рет Гагарин кубогын жеңіп алды

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Локомотив» алғаш рет Гагарин кубогын жеңіп алды
ФОТО: ХК Локомотив

21 мамыр күні Ярославль қаласында Гагарин кубогының финалдық сериясындағы бесінші ойын өтті. «Локомотив» пен Челябі қаласының «Трактор» командалары арасындағы тартысты матч негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Шешуші шайба овертаймда соғылды - 69-минутта Максим Шалунов командасына тарихи жеңіс сыйлады. Есеп - 2:1.

Бұл жеңіс «Локомотив» үшін ерекше маңызға ие. Команда серияда қатарынан төртінші рет жеңіске жетіп, тарихында алғаш рет Гагарин кубогының иегері атанды. Бұған дейін бірнеше мәрте шешуші сәттерге дейін жеткенімен, ярославльдік ұжым алғаш рет басты трофейге қол жеткізді.

Команданың бас бапкері Игорь Никитин үшін бұл мансабындағы екінші кубок. 2019 жылы ол ЦСКА командасымен де жеңіс тұғырына көтерілген еді. Айта кетейік, Никитин - Өскемен қаласының тумасы .

Гагарин кубогы. Финал

«Локомотив» (Ярославль) — «Трактор» (Челябі) — 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)

Шайбалар: 1:0 — Гернат (Сурин), 25:50; 1:1 — Кэмпфер (Кадейкин), 53:15; 2:1 — Шалунов (Сергеев, Каюмов), 68:01

Сериядағы есеп: 4:1 - «Локомотивтің» пайдасына

Осылайша, «Трактор» маусымды күміс жүлдемен аяқтаса, «Локомотив» өз тарихында алғаш рет ҚХЛ чемпионы атанып, есімін мәңгілікке жазды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie