Әлі де үштіктің соңында: «Барыс» бапкерінің ҚХЛ жаттықтырушылар рейтингіндегі орны белгілі болды
Маман әзірге айтарлықтай жақсару көрсете алмай отыр
Хоккей
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Барыс
Континенталдық хоккей лигасының жаттықтырушыларының рейтингі Championat нұсқасы бойынша жарияланды.
Үздік бапкер мәртебесін Минскінің «Динамо» командасының тізгінін ұстаған Дмитрий Квартальнов сақтап отыр – маман бірінші орынды ұстап келеді.
Тамаша серпіліс жасап, 11-орыннан екінші орынға көтерілген — «Динамо» М бас бапкері Вячеслав Козлов. Үздік үштікті «Северсталь» командасының бас бапкері Андрей Козырев түйіндейді.
«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец рейтингтің соңғы үштігіне енген, қазір 19-орында тұр. Дегенмен, бұл алға жылжу деуге болады, себебі алдыңғы рейтингте маман 22-орын, яғни соңғы орынды иеленген еді.
Соңғы өткен матчта «Барыс» «Сібірге» есе жіберді.