«Құлагер» мен «Арлан» Қазақстан кубогын жеңіспен бастады
Қазақстан кубогы 22 тамызда екі қалада - Қарағанды мен Өскеменде өз шымылдығын түрді.
B тобының ойындары Өскеменде өтіп жатыр. Осы топтағы алғашқы матчта Петропавлдың «Құлагері» өз мықтылығын айқын көрсетіп, «Алматыны» 6:1 есебімен күйрете жеңді. Бірінші периодта есеп тең болғанымен (1:1), кейінгі кезеңдерде «Құлагер» мұз үстінде толықтай үстемдік етті - екінші кезеңде екі шайба, үшіншіде үш шайба соғып, сенімді жеңіске жетті.
Қазақстан. Қазақстан кубогы. Топтық кезең
«Алматы» – «Құлагер» – 1:6
Шайбалар: 1:0 – 03:57 Анисимов, 1:1 – 08:13 Штефан, 1:2 – 27:38 Воробьев, 1:3 – 31:31 Хоменко, 1:4 – 43:16 Воробьев, 1:5 – 52:48 Шапорев, 1:6 – 56:40 Хоменко.
Ал Қарағандыда A тобы аясында ел чемпионы - Көкшетаудың «Арланы» айдынға шықты. Бірінші кезеңде «Бейбарыс» командасына бір шайба өткізіп алған «Арлан» екінші кезеңде таразы басын теңестіре алмай, шешуші сәтті үшінші кезеңге қалдырды. Жанкешті ойында олар үш жауапсыз шайба салып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан. Қазақстан кубогы. Топтық кезең
«Арлан» – «Бейбарыс» – 3:1 (0:1, 0:0, 3:0)
Шайбалар: 0:1 – 15:55, 1:1 – 45:37 Преснов, 2:1 – 49:13 Санников, 3:1 – 59:28 Захаров.
A тобында келесі командалар финал жолдамасына таласады: «Арлан», «Сарыарқа», «Горняк» және «Бейбарыс». B тобын келесі ұжымдар құрайды: «Торпедо», «Алматы», «Актөбе» және «Құлагер».