КХЛ Авангард пен Барыс арасындағы ойынның мүмкіндіктерін бағалады
КХЛ ресми сайты Омбы қаласының "Авангард" және Астана қаласының "Барыс" командалары арасындағы "регулярка" ойын алдын ала шолу жасады.
“”Авангард" астаналықтарды маусымда үшінші рет жеңе ме?
Бұл маусымда командалар арасында үш матч өтті, екі ойыннан жеңіс омичтер жағына кетті: 2-1 (4:0, 0:1, 3:2 ОТ). "Барыс" үш ойындық сапарға шықты, алдыңғы матчта "Сибирьді" (4:3 ОТ) жеңіп, бұл матчта Никита Сетдиковтың хет-тригі командаға 17 желтоқсаннан кейінгі алғашқы жеңісін әкелді. "Авангард" өз алаңында екі күн бұрын "Салават Юлаевқа" (2:4) жеңілген болатын. 53 ұпаймен омичтер Шығыс конференциясында жетінші орын алып, ал астаналықтар соңғы орында тұр.
КХЛ соңғы бес матчтағы командалардың көшбасшылары
"Авангард" шабуылшысы Илья Каблуков үш матч қатарынан ұпай жинап жүр (0+4). Дамир Шарипзянов қорғаушылар арасында маусымның үздік бомбардирлері мен ассистенттері қатарында (8+29, 48 ойын). Семён Чистяков қорғаушылар арасындағы үздік сұрмерген (49 матчтағы 14 гол). "Барыс" қақпашысы Никита Бояркин 34 матч нәтижесінде салынған голдардың 92,9%-ын тоқтатып, үздік бестікке кіреді.
Жеке кездесулердегі жеңістер
Омичтер КХЛ тарихында "Барыс" командасын 74 кездесудің 49-ында жеңген", — деп жазылған сайтта.