locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қиын ойын. Хоккейден Қазақстан құрамасының овертаймдағы жеңіс

Хоккей
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қиын ойын. Овертаймдағы жеңіс
Фото: olimpic.kz

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен Қазақстан құрамасы овертаймға жалғасқан ойында жеңіске жетті.

Тартысты матчта үш периодта да шайба соғылмады. Матчтағы жалғыз шайбаны овертаймда Қазақстан құрамасының ойыншысы Александра Шегай соғып, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.

Осылайша, IX қысқы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы топтық кестеде көш басына шықты.

Қысқы Азия ойындары, 4-тур

Оңтүстік Корея — Қазақстан — 0:1 ОТ (0:0, 0:0, 0:0)

Шайба: 0:1 — 62:01, Александра Шегай

Осыған дейін Қазақстан құрамасы Гонконг (12:0), Таиланд (9:0) және Қытайлық Тайбэй (5:1) құрамаларын жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie