locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Хумо» жүлдесіз қалды: қола медаль «Сарыарқаға» бұйырды

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Хумо» жүлдесіз қалды: қола медаль «Сарыарқаға» бұйырды
ФОТО: Getty Images

Pro Hokei Ligasy чемпионатының финалдық сериясында алтын медальді «Арлан» мен Өскеменнің «Торпедосы» сарапқа салады, деп хабарлады Shaiba.kz.

Финалдық кезеңнің алғашқы кездесуі 7 сәуірде Көкшетауда өтеді.

Турнирдің регламентіне сәйкес (8-бөлім, 42-баптың 10 және 11-тармақтары), Қазақстан чемпионатының жүлделері тек қазақстандық командаларға беріледі. Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін шетелдік клубтар ауыспалы кубокты жеңіп алуы мүмкін, бірақ жүлделі орындарға таласа алмайды.

Осыған байланысты үшінші орын үшін өтуі тиіс болған «Хумо» (Өзбекстан) мен «Сарыарқа» (Қарағанды) арасындағы матч өткізілмейді. Нәтижесінде, «Сарыарқа» автоматты түрде Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie