locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хумо хоккейшілері жалақы кешіктірілгені үшін плей-оффқа бармауы мүмкін

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Хумо хоккейшілері жалақы кешіктірілгені үшін плей-оффқа бармауы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Ташкенттің "Хумо" командасының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы үш айдан бері еңбекақысын алмаған, бұл клуб ішінде наразылық тудырды.

"Шайба.кz" мәліметінше, хоккейшілер бір жаттығуды өткізіп жіберіп, осылайша наразылық білдірген. Сонымен қатар, команда басшылығы Pro Hokei Ligasy плей-оффының жартылай финалында Өскеменнің "Торпедосымен" өтетін сырт алаңдағы ойындарға барудан бас тарту мүмкіндігін қарастыруда.

2024/2025 маусымының тұрақты біріншілігінде "Хумо" 40 матчта 58 ұпай жинап, үшінші орын алды. Ширек финалда ташкенттік клуб Рудныйдың "Горняғын" бес матчтық серияда жеңді.

Сондай-ақ оқыңыз: Барыс маусымды сүреңсіз өткізсе де, миллиондаған ақшаны жалақыға жұмсайды. Кім көп табыс табады?

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie