Хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар құрамасының тізімі белгілі болды
Астанада Қазақстан жастар құрамасының IA дивизионындағы әлем чемпионатына дайындық лагері басталып жатыр.
Бұл турнир 20-26 сәуір аралығында Венгрияда өтеді.
Қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизионға кіру үшін Аустрия, Дания, Венгрия, Словения және Украина құрамаларымен күш сынасады.
Алдағы оқу-жаттығу жиыны аясында 18 жасқа дейінгі 40-тан астам хоккейші бақылаудан өтеді.
Хоккейшілердің кеңейтілген тізімі ұсынылды:
Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Элиталық хоккей академиясы», АҚШ), Никита Кулаков, Арсений Кучковский, Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин («Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Кливленд Баронс», АҚШ);
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы («Шарлот Раш», АҚШ), Ильхан Болатов (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Раты Дурглишвили, Санжар Ибрагим, Алдияр Калелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мұқашев, Матвей Решетько, Никита Сидоренко, Даниил Толстунов, Руслан Тусупбеков («Барыс»), Святослав Евплов («СКА армиясы», РФ), Төрехан Сәрсенбай (Оңтүстік Кент мектебі, АҚШ), Арман Төлен (Атлант жағалау академиясы, АҚШ);
Шабуылшылар: Ерлан Ахмутинов («Кливленд Баронс», АҚШ), Ануар Ахметжанов («Окмур Патриотс академиясы, АҚШ), Әмір Алпкарин («Сикост Спартанс», АҚШ), Нар-Улан Байкен («Black Bear» ұлттық академиясы, АҚШ), Алихан Бақыт, Таир Бигаринов, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Хаким Кубатаев, Тимур Миндубаев, Айтуар Нуржанов, Алишер Саркенов, Александр Симахин, Тамерлан Тілеубаев, Леонид Шакенов («Барыс»), Әділхан Беккереев (Атлант жағалау академиясы, АҚШ), Дамир Бритиков («Петров» академиясы, РФ), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен), Бексұлтан Мақыш (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Матвей Умеренков («Сарыарқа»).
Бапкерлік штаб:
Бас бапкер — Сергей Старыгин
Бапкер — Алексей Обухов
Қақпашылар бапкері — Алексей Кузнецов
ЖФД бапкері — Андрей Кисель.