Хоккейден Харбиндегі Азия ойындарында қазақстандық төрешілер жұмыс істейді
Хоккей
Наурызбай Қанатұлы
Фото: icehockey.kz
Shaiba.kz сайтының хабарлауынша, Харбиндегі Азия ойындарында Қазақстаннан бес төреші жұмыс істейді.
Турнирге төрешілер Константин Чубенко, Антон Боряев және Тимур Морев, сондай-ақ лайнсмендер Тимур Ысқақов пен Владислав Машкин аттанады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Харбин қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының сапында 10 спорт түрінен 138 спортшы бақ сынайды. Қатысушылар 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Абиба Әбужақынова дзюдо спортынан әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді