Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Азия ойындарындағы қарсыластары анықталды
Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында өтеді. Хоккей турнирінде Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Шайба.
Турнирге қатысу үшін Халықаралық хоккей федерациясының рейтингіне сәйкес 12 үздік команда таңдалды. Кейінірек оларға Үндістан мен Макао қосылды.
Турнирге қатысушылар үш топқа бөлінеді. Қазақстан құрамасы А тобында болды. Төменде турнирге қатысушылардың толық құрамы берілген.
А тобы: Қытай, Жапония, Қазақстан, Тайланд, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея.
В тобы: Қырғызстан, Кувейт, Бахрейн, Сингапур.
С тобы: Түркіменстан, Үндістан, Макао, Гонконг.
Хоккей турнирі 3 ақпанда басталады. Айта кетейік, "Барыс" ойыншысы Әділ Бекетаев Азия ойындарының ашылуында Қазақстан құрамасының туын көтерушілердің бірі болады.
Бұған дейін хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының кестелері Универсиаданың шешуші матчы алдында жарияланған болатын.