locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Универсиадада қатарынан екінші рет ойсырата жеңіске жетті

Хоккей
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Универсиадада қатарынан екінші рет ойсырата жеңіске жетті
ФОТО: icehokkey.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Туринде (Италия) өтіп жатқан Универсиадада Оңтүстік Корея құрамасын ойсырата жеңді.

Алғашқы екі кезеңде қазақстандықтар жауапсыз 5 гол соға алды. Оңтүстік Корея құрамасы үшінші жиырма минуттықта ғана жауап бере алды, бірақ кейін тағы 2 гол жіберіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы А тобында сенімді түрде көш бастады. Келесі қарсылас кестеде екінші орында келе жатқан Канада құрамасы.

Универсиада. А тобы

Қазақстан – Оңтүстік Корея – 7:1 (3:0, 2:0, 2:1)

Шайбылар: 1:0 - Панченко (Бейсембаев - мен.), 09:06; 2:0 - Шульга (Буяльский), 10:50; 3:0 - Дёмин (Жусупбеков - бол.), 18:31; 4:0 - Буяльский (Шульга), 35:32; 5:0 - Никитин (Ляпунов - бол.), 38:57; 5:1 - Ян, 51:29; 6:1 - Симонов, 51:43; 7:1 - Чапоров, 56:01.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie