ҚХЛ-дегі ең сәтсіз трансферлер аталды: Барыстың екі ойыншысы антирейтингке енді
Құрлықтық хоккей лигасындағы ең сәтсіз келісімшарттар анықталды. Бұл тізімге тиімділік коэффициенті төмен және баға мен сапа арақатынасы тиімсіз болған ойыншылар кірді.
Антирейтингке “Барыстың” екі қазіргі және бір бұрынғы ойыншысы енді:
• Юхан Маттссон (“Барыс”) – 1 ойынға 16,1 млн теңге. Қазіргі маусымда қақпашы бар болғаны 9 матчқа қатысқан.
• Дамир Жафяров (“Барыс”) – 1 ұпайға 55,5 млн теңге. 27 матчта 5 (1+4) ұпай жинаған.
• Дмитрий Шевченко (“Амур”, “Барыстың” бұрынғы ойыншысы) – 1 ұпайға 55,5 млн теңге. 29 матчта 5 (1+4) ұпай жинады. Жақында онымен келісімшарт бұзылды.
• Диллон Дюбе (“Динамо” Минск) – 1 ұпайға 32,8 млн теңге. 36 матчта 11 (4+7) ұпай еншілеген.
• Данила Моисеев (“Лада”) – 1 ұпайға 34,5 млн теңге. 37 кездесуде 7 (2+5) ұпай жинады.
• Сергей Толчинский (СКА) – 1 ұпайға 44 млн теңге. 42 матчта 10 (4+6) ұпай алған.
• Эрик О’Делл (“Динамо” Мәскеу / “Ақ Барс”) – 1 ұпайға 67,2 млн теңге + 1 ұпайға 91 млн теңге. Мәскеулік клуб сапында 14 матчта 6 (2+4) ұпай, ал “Ақ Барс” құрамында 13 ойында небәрі 1 (1+0) ұпай жинады.
Айта кетейік, “Барыс” жақында 9 матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатқанымен, Шығыс конференциясында 12-орында қалып отыр. Келесі ойынды астаналықтар 2 наурыз күні “Тракторға” қарсы өткізеді.