Германия U-20 – Казахстан U-20 – 4:3. Элиталық дивизионда орнымызды сақтап қала алмадық. Голдар мен ойынға бейнешолу.
Хоккей
Богдан Писаренко
IIHF
Оттава қаласында (Канада) өткен жастар арасындағы хоккейден әлем чемпионатында 2 қаңтар күні Қазақстан U-20 және Германия U-20 құрамалары арасында шешуші матч өтті.
Ойын неміс құрамасының 4:3 есебімен жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық команда ойын барысында 3:1 есебімен алда болғанымен, басымдықты ұстап тұра алмады. Осылайша, ЖӘЧ элиталық дивизионында орнын сақтап қала алмады.