locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Флорида» «Эдмонтонды» күйрете жеңіп, Стэнли кубогының финалында алға шықты

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Флорида» «Эдмонтонды» күйрете жеңіп, Стэнли кубогының финалында алға шықты
ФОТО: Getty Images

Ұлттық хоккей лигасының (НХЛ) плей-офф финалдық сериясының үшінші матчында «Флорида Пантерз» командасы «Эдмонтон Ойлерзді» 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Санрайз қаласынан келген команда ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытып, алғашқы үзіліске дейін 2:0 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде қос команда бір-бір шайбадан соқты. Ал соңғы кезеңде «Пантерз» қарсыласты түбегейлі тізе бүктіріп, тағы екі шайба енгізді.

АҚШ. НХЛ – Плей-офф – Финал

«Флорида» – «Эдмонтон» — 6:1

Шайбалар авторлары: Маршан, 1 (1:0); Вераге, 18 (2:0, көпшілікпен); Перри, 22 (2:1, көпшілікпен); Райнхарт, 24 (3:1); Беннетт, 28 (4:1); Экблад, 44 (5:1, көпшілікпен); Родригес, 57 (6:1, көпшілікпен).

Осылайша, финалдық сериядағы есеп 2:1 болып, «Флорида» алға шықты. Төртінші ойын 13 маусым күні Астана уақытымен сағат 05:00-де өтеді.

Айта кетейік, «Флорида Пантерз» — НХЛ-дің қазіргі чемпионы. 2024 жылғы финалда олар «Эдмонтон Ойлерзді» жеті матчтық тартыста 4:3 есебімен жеңіп, Стэнли кубогын жеңіп алған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie