locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Ақтөбе хоккей клубы маусым соңында жұмысын тоқтатады

Хоккей
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ДЕРЕККӨЗ. Ақтөбе хоккей клубы маусым соңында жұмысын тоқтатады
Фото: Ақтөбе ХК

“Ақтөбе” хоккей клубы ағымдағы маусымның соңында өз қызметін тоқтатады, деп хабарлайды Shaiba.kz сайты. Чемпионат аяқталғаннан кейін клуб ресми түрде жабылады.

Редакцияның қолына Актөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жергілікті хоккей федерациясына жіберілген ресми хат түсті.

“2024 жылғы 12 желтоқсанда өткен Актөбе облыстық мәслихатының №187 “2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы” сессиясының шешімімен 2025 жылға арналған бюджет бекітілді. Бұл бюджетте 2024-2025 жылдар маусымында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы чемпионатына Актөбе облысының атынан қатысатын ерлер құрамасының қатысуын аяқтау қарастырылған.

285-003 “Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрамалардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға дайындығы мен қатысуы” бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға бөлінген қаражат есебінен ерлер құрамасының қатысуын аяқтауға 286 104 038 теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта басқарма жоғарыда аталған шешімге сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы келісімдерді реттеу бойынша заңнамамен көзделген рәсімдерді жүргізуде, соның ішінде ерлер құрамасының қатысуын аяқтау туралы қосымша келісім жасалуда”, – делінген хатта.

Қазіргі таңда “Ақтөбе” Pro Hokei Ligasy турнирлік кестесінде 34 матчта 35 ұпай жинап, жетінші орынды иеленіп тұр.

Pro Hokei Ligasy. Хумо Горнякты ойсырата жеңді, Ертіс Құлагерді минималды басымдықпен жеңді

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie